• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Қазақстандық «Эльбрустың» балалары

328 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім» бірлестігі балқар, қарашай-шеркес, қабардин халықтарының депортациясына арналған «Қазақ халқына мың алғыс!» атты мәдени шара өтті. «Эльбрус» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жиынға қатысушылар 1944 жылдың наурызында Солтүстік Кавказ халқын күштеп қалай елімізге жер аударғаны жайлы киносюжеттер көрді. – Мен ол кезде 2-ақ жас­та екен­мін. Қазақ халқы жа­зық­сыздан қаңғыруға түскен халықты рухани күйзелістен, кем­сітушілік пен аштықтан аман алып қалды ғой. Төлебайдың отбасында 8 адам болса, әке-шешем бар, 11 бала қосылдық. Бір қазаннан ас іштік. Қазақ ауылы – біздің екінші Ота­ны­мыз болды. Құлағымызда үлкендерден жиі еститін Эльбрус деген бір-ақ сөз жүретін. Біздің ұлт өкіл­дері үшін осы сөздің құдіретті еке­­нін есейген соң білдік қой, – дей­­ді «Эльбрус» этномәдени бір­ле­с­­тігінің төрайымы Мәриям Байрамқұлова. Іс-шара барысында жер­гілікті Ассам­блея төрағасы­ның орын­­ба­сары С.Жетпісбаев, Қоғам­дық келісім кеңесінің төрағасы И.Әбдіқалықов сөз сөй­леп, «Эльбрус» қоғамдық бір­лес­ті­гінің мәдениетті, тілді, руха­ни құн­­ды­лықтарды жаңғыр­­ту бо­йын­ша белсенді жұмыс­тары, сон­дай-ақ, достықты, бей­­біт­ші­лік­ті, этносаралық келісім­­ді ны­ғай­тудағы үлестері үшін ал­­ғыс біл­дірді. Ал татар-баш­құрт ақсақалдар кеңесінің төр­ағасы Минир Галеев, «Ватан» әзер­бай­жан ақса­қал­­­дар кеңе­сінің төрағасы Джафар Мах­мудов, «По­лония» поляктар қоға­­­мы­­ның төрағасы Виталий Свин­­циц­кий де ата-аналары мен туысқандарының қиын тағдыр­лары жайлы айтып, қазақ халқына алғыс білдірді. Иә, өткеннің ауыр оқиғасы балқарлар мен қарашайлардың, басқа да ұлт өкілдерінің жүрегінде мәң­гі қалды. Қазір өңірде бал­қарлар мен қарашайлардың төртін­­ші ұр­пағы тұрып жатыр. Олар бар­лық са­лаларда еңбек етіп, қызмет істеуде. – Мен қазақ жігітіне тұр­мыс­қа шықтым. Шүкір, қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт өкіл­дері­нің де тынысы кеңейіп, ұр­­пақ жалғасты. Ауылда тұр­­ған кезден қазақ тілін­де сөй­леп өстік. Бірлестік­тегі «Жаң­ғырту ме­к­тебінде» ұл-қыз­­­дарымыз балқар, қазақ тіл­дерін үйренуде. Оларды біз ер­келе­тіп «Қазақстандық «Эльбрус­тың» ба­лалары» деп атай­мыз. Әке-ше­ше­­лердің сағы­ны­ш­ына айнал­ған тау­ды – үл­кендерге құр­мет, тағзым ретін­де орталықты «Эльбрус» деп атадық. Облыста қара­шай-шер­кес және қабардин-балқар ұлт өкіл­­дері­нің 1 200-ден астамы тұрса, оның 900-і балқарлар. Өзі­мізді Ассамблеяның кішкентай отауы деп сезінеміз. Елбасына әрда­йым алғыс айтып отырамыз, – дейді Мәриям Байрамқұлова. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы Суретті түсірген Мақсат Айтбай