Қазақ КСР Ішкі Істер Халық Комиссариатының мәліметі бойынша 1937 жылы Қазақстанға 90 эшелонмен 20 789 отбасы, 98 454 корей ұлтының өкілдері көшіріліп әкелінген екен. Соның бір үлкен бөлігі Сыр бойына қоныстандырылды. Мен ол кезде бар жоғы 11-12 жастағы бала едім. Осы уақыттан бастап Сыр өңіріндегі корей халқының тарихы басталды.
Ол кездегі саяси-әлеуметтік жағдайдың қазақ халқы үшін де оңай соқпай тұрғанын көзіммен көрдім. Халықты құлазытып кеткен ашаршылық, халық жауы деген жалған айыптар тағылып, саяси репрессиялардың жүргізілуі соның куәсі еді.
Біздер де қазақ халқының құрметіне сай болу үшін елге, жерге деген ықыласымызды білдіру мақсатымен білек сыбана еңбекке араластық. Әсіресе, күріш өсіру шаруашылығында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осы еңбектерімізді елеген басшылық облыс бойынша корей ұлтының 28 азаматына Еңбек Ері атағын берді. Бұл жергілікті халықтың кең пейілінен деп білеміз.
Сыр бойын қоныстап, өркен жайған біздерге аға ұрпақ өкілдері атап айтсам, корей халқының ұлттық батыры Хом Бом До, ағартушы-ғалым Ге Бон У және т.б. үлгі-өнеге көрсетіп, қазақ халқымен бауырластықтың жоғары дәрежесін көрсетті. Олар Алаштың анасына бағаланған қасиетті мекенде мәңгілік паналарын табуы да соның айғағы.
Қазіргі таңда бізге ең қымбаты – ауызбіршілік, елдегі татулық. Бүгінде Қазақ халқының ықыласы мен дарқан көңілінің арқасында көсегеміз көгеріп, өсіп-өніп жатырмыз. Басымызға күн туып, зұлмат күнді бастап кешкенде бауырына басқан елдің біз үшін жақсылығы ұшан-теңіз.
Ге Хак Рим,
«Қазақстан корейлер қауымдастығы Қызылорда облыстық филиалы» ақсақалдар кеңесінің төрағасы
ҚЫЗЫЛОРДА