• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Cырт көз – сыншы

151 рет
көрсетілді

Жолдау басымдықтары дұрыс таңдалған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақ­стан­ның Үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ат­­ты Жолдауында көп мәселелердің за­ма­науи бағытта дамуына жөн сілтейтін ба­­ғыт-бағдарлар нақты айтылған. Жолдауда: «Бірінші басымдық – эко­номиканың жеделдетілген тех­но­ло­гиялық жаңғыртылуы. Біз цифрлық тех­­нологияны қолдану арқылы құ­ры­­латын жаңа индустрияларды өр­кен­де­туге тиіспіз. Бұл – маңызды ке­шен­ді мін­дет», деп атап көрсетілген. Осы­ған орай, Президент ел Үкіметіне «Цифрлы Қазақстан» жеке бағ­дар­ламасын әзірлеуді және оны қабылдауды тапсырды. Ендеше, бүгінгі Қазақстан «Цифрлы Қазақстанға» көшуі үшін елде IT технологияны қар­қын­ды дамытуы қажет. Ал енді осы міндетті жүзеге асыруды діт­теген ауқымды жобалар мен ма­ңызды шаралардың Қазақстанда жиі ұйымдастырылып тұратынынан және оған жастар қауымы белсенді қатысып жа­татынынан хабардармын. Демек, бұл ба­ғытта елді үлкен табыстар күтіп тұр. Сонымен қатар, Президенттің өзі ба­сым бағыт ретінде цифрлы жүйеге ден қоюы зейінді де зерек жастардың ғы­лы­ми жұмыстармен айналысуына тың серпін береді. Тофик АББАСОВ, Баку Халықаралық мультикультурализм орталығының кеңесшісі (Әзербайжан)