• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Механика мен машинатанудағы маңызды мәселелер

185 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Ғылым ордасы» ғимаратында «Академик Ө.Жол­дас­­беков атындағы механика және машинатану институ­ты» Ел­басы Жолдауын іске асыру мақсатында көпшілік алдында есеп берді. Аталмыш институттың бас ди­­рек­торы, академик Аман­дық Төлешов баян­дамасын инс­ти­т­ут­­тың ғылыми-тех­ни­ка­лық бағ­да­р­ламаларын қар­жы­лан­ды­ру­дың, институт қыз­мет­кер­ле­рінің отандық және шет­ел­дік рейтингі жоғары жур­нал­дар­дағы ғы­лы­ми мақа­ла­лары мен патенттерінің 2012-2017 жылдар аралығындағы мо­ни­­тор­ин­г­­тік көрсеткіштерінен ба­с­та­ды. Сонымен қатар, осы жур­нал­­­­дарда жа­рияланған ма­ши­на жа­­сау және робот-техника са­ла­ла­рындағы грантпен қар­жы­лан­­­дырылған 4 жобаның ай­тар­лық­­тай нәтижелерін атап өтті. Жиында Механика және машинатану институтының 2017 жылға жос­пар­лан­ған жаңа жобалары мен стра­те­гиялық мақ­саттары ай­тылды. Сол сияқты, институттың «Жүк­­­­т­еу-жүксіздеу және көлік опе­­­­ра­ция­ла­рының автоматтан­ды­­ру мақ­са­ты­мен кө­тер­гіші ба­р мобильді робот­тың тә­жі­­ри­бе­лік өндірісін және өңдеу тех­но­логиясын жасау» және «Тұр­­ғын ау­даны көп қабатты ғи­ма­раттарды жы­лыту және ыс­тық су­­мен қамту мақ­са­ты­мен жа­сал­ған күн жылу энергиясын шо­­ғыр­­ландыру техноло­гиясы» атты жо­­­балары коммер­ция­лан­ды­ру­ға грант­тар ұтып алған. Институт жетекшісі геоме­ха­­ника мә­се­лелері, дефор­ма­ция­­ланған қатты дене механика­сы және тау жынысы, жерас­ты құ­ры­лыстарының есептеу әді­­­сін әзір­леу, механизмдерді, ма­ши­­­на­­ларды, мехатронды және ро­бо­­то­тех­ни­калық жүйелерін, көпфункциялы бейімді ме­ха­низ­м­дерді әзірлеу және жо­балау, маши­на, роторлық жүйелер, виб­ра­­циялық техника және соқпа ме­ха­низмдер динамикасы, күр­де­лі ме­ханикалық жүйелері мен про­цес­­тердің виртуалды және санды үл­­гілеу сияқты не­гізгі ғылыми ба­­ғыттарын атап өтті. Со­нымен қа­тар, бірнеше салада ғы­лы­ми-тех­­никалық бағдарламалар қа­лып­тастыру жоспарын ұсынды. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ