• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Аграрлық сектордағы байланыс артады

208 рет
көрсетілді

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрі Заир Мырзаевпен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласы екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінде маңызды векторлардың бірі екені атап өтілді. Достық рәуіште өткен кездесуде тараптар бірінші кезекте Өзбекстанның ауыл шаруашылығы саласына Қазақ­станнан инвестиция тарту, сондай-ақ, Өзбекстаннан елімізге ауыл шаруа­шылығы өнімдерін экспорттау ісін­дегі екіжақты ынтымақтастық мәсе­лелері мен перспективалары сөз болды. Бұдан бөлек, соңғы уақыттарда Өзбекстаннан Қазақстанға көкөніс, жеміс-жидек молынан жөнелтіліп жатқаны, өзбек ағайындардың ауыл­ша­­руашылық өнімдерін Ресейге тасы­мал­дау мәселесі әңгіме арқауына ай­­­­налды. Осы арада қазақстандық кә­­­сіпкерлердің Өзбекстанның шека­ра­­­лық аймақтарында дайындалатын кеп­тірілген жеміс-жидектер мен жаңа піс­кен өнімдерге жоғары деңгейде қы­зығушылық танытып отырғаны ай­тылды. Өз кезегінде З.Мырзаев өз елінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жә­не сақтау, мелиорация жүйесін же­тілдіру, аталған салаға озық тех­но­ло­гия тарту, сондай-ақ, ресурс үнем­деу­ші және энергетикалық тұрғыда тиім­ді өндірістік үдерістерді кеңінен пай­далану мәселелеріне ден қойып отыр­ғанын жеткізді. Ал Ерік Өтембаев екі елдің эко­но­микалық байланыстарының ке­ле­­шегі зор екеніне тоқталды. Оның ай­­туынша, екіжақты экономи­ка­лық ынтымақтастық ісінде не­гізі­нен шекаралық және өңір­аралық ық­­­палдастықты дамыту жолдарын қа­­рас­тыру, екі елдің қайта өңдеу кә­сіп­орындары мен шаруа қо­жалық­та­ры­ның кооперациясын құрып, олар­­ды кеңейту, ауылшаруашылық ма­­ши­наларын шығаратын бірлескен кә­­сіпорын құру, екі жаққа ортақ агро­өнер­кәсіптік кешен кластерін ұйым­дас­тыру мәселелері маңызды. Сондай-ақ, Қазақстан елшісі жылы­жай­­лар салу, егін шаруашылығы, же­міс-жидек пен көкөністі терең өңдеу са­­ласындағы қазақстандық және өз­бек­­стандық мамандардың арасында жаңадан байланыс орнату қажеттігін атады. Сон­дай-ақ, ол қазақстандық ма­ман­дар Өзбекстан мелиоративтік өнер­кәсібінің озық тәжірибелерін үй­­ренуге және осы елдің бау-бақ­ша са­ласындағы фермерлермен тә­жі­ри­бе алмасуға мүдделі екенін сөз ет­ті. Бұ­ған қоса, елші Өзбекстан та­ра­пы­ның асыл тұқымды қой және жыл­қы өсіруге қызығушылық танытып отыр­­ғанын ескере келіп, оларға ж­а­ңа тех­­нологияға негізделген қазақ­стан­дық мал шаруашылығының әлеуетін пай­да­лануды ұсынды. Жалпы, қазақ-өзбек ынты­мақ­тас­ты­ғында су шаруашылығы мен Арал те­ңі­зінің мәселелері айрықша мәнге ие. Осы орайда, тараптар ауыз су мен егін­ге пайдаланатын су тапшылығына алаң­даушылық білдіре келіп, Орталық Азиядағы ірі өзендердің жоғарғы жә­не төменгі жағында орналасқан мем­ле­кет­тердің өзара келісімі қажет екенін қоз­ғады. Осы арада Е.Өтембаев Арал ма­ңын және өзге де шөлейттенген жер­лерді қайта жаңғырту бағытында күш біріктіру маңызды екенін атады. Сонымен қатар, Е.Өтембаев Қазақ­с­тан­ мен Өзбекстан барлық са­ла­да бір­лесе, түсіністікпен жұмыс іс­те­се, Ор­та­лық Азия аймағындағы азық-тү­лік қауіпсіздігі қамтамасыз еті­летінін сөз етті. Кездесу соңында тараптар ауыл ша­­руашылығы саласындағы екіжақты ын­­тымақтастықтың келешегі зор еке­ніне назар аудара келіп, қазақ жә­не өз­бек тауар өндірушілерінің өза­ра қа­рым-қатынасын жақсарту мақ­са­тын­да кез келген мәселелер бойынша ақ­­парат ал­масуды жалғастыру туралы ше­шім қа­былданды, деп хабарла­ды Қа­зақ­стан­ның Өзбекстандағы ел­ші­лі­гі­нің баспасөз қызметі.