• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

104 рет
көрсетілді

Көктемнің алғашқы күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, құбылмалы ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 17-22 м/с күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе, Жамбыл, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең - тұман болады.