• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры тағайындалды

254 рет
көрсетілді

Зарема Шәукенова Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Мемлекет басшысының Өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. Зарема Кәукенқызы Шәукенова 1965 жылы 29 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Ленинградтың А.А. Жданов атындағы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әлеуметтану ғылымының докторы (22.00.04), Профессор, Қазақстан Әлеуметтанушылары Қауымдастығының директоры, Қазақстан әлеуметтанушылары Академиясының Академигі. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі заманғы Қазақстандағы этностардың әлеуметтік өзара әрекеттестігі» (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2003 ж.). 2008-2010 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әлеуметтану, психология және педагогика бойынша диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Әлеуметтану ғылымының 1 докторын (Тынышбаева А.А.) және 3 кандидатын дайындады. 2011 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін бұл қызметте Ерлан Қарин болған еді. Ол таяуда "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.