Қазақстан Президентінің дербес парақшасына Елбасыдан бата алған, бүгiнде азамат болған өрендердiң Тәуелсiз елiмiздiң дамуына қосқан өзiндiк үлестерiн баяндайтын "Президент пен перзент" атты кітап жүктелді, - деп хабарлайды egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Жинақта Елбасының алдында талантымен танылып, ризашылығына бөленіп, алғысын алып, тілегін тыңдаған балалардың өнері мен өмірі жайлы мол мағлұмат беріледі. Білімі мен тәрбиеге ақыл мен қайратты ұштастырып, белгілі бір белесті игерген кешегі балалардың - бүгінгі даралардың жетістігі елге таныстырылады", - делінген хабарламада.
Қазақ тілінде жарық көрген кітаптың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.