• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Головкин: Мэйуезермен жұдырықтасу үшін салмағымды азайтуға дайынмын

178 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) ESPN телеарнасындағы First Take бағдарламасына берген сұхбатында кіші Флойд Мэйуезер (49-0, 26 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) арасындағы айырмашылық жайлы айтып берді. «Әрине, Мэйуезер шаршы алаңға оралып жатса, онымен жұдырықтасу үшін 155-160 фунтқа дейін салмағымды азайтуға дайынмын. Флойд пен «Канело» арасында үлкен айырмашылық бар. Флой ол – Флойд, pound-for-pound рейтингінде көш бастап тұр. Ал «Канело» кім? Мен тек оның бос сөздеріне лайықты жауап беру үшін жекпе-жек өткізгім келеді. Оған деген құрметім қалмады. Ол өте өзімшіл адам», – деді Головкин. Айта кетейік, GGG кіші Флойдты бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Алайда, ол келіссөздерге келмей, үзілді-кесілді бас тартқан. Ал Альварес өткен жылы Амир Ханды жеңгеннен кейін қазақстандықты айқасқа шақырған. Сондай-ақ, Головкин оның міндетті қарсыласы еді. Бірақ мексикалық боксшы WBC белбеуін өз еркімен беріп, салмағын ауыстырған болатын.