• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Мультфильм көріп, мәз болды

256 рет
көрсетілді

  «Арман» кинотеатрында «Нұр Отан» партиясы Республикалық желілік кестесіне сәйкес, сондай-ақ «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында Медеу аудандық филиалы  жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қайырымдылық  мақсатпен «Лего Бетмен» мультфильмінің арнайы көрсетілімін ұйымдастырды. "Бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Өз кезегінде, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларды қамқорлыққа алу кез-келген партия міндеттерінің бірі болып табылады. Балалар еліміздің болашағы және біз қазіргі жас ұрпақ балаларға үлкен жауапкершілікпен қарап, оларды қамқорлыққа алуымыз керек, - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Халбеков. Көрсетілімнің алдында 80 балаға попкорн мен тәтті сусындар таратылып берілді, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында әннен шашу шашылды.  Ал, «Лего Бетмен» мультфильміндегі басты батырдың өз қарсыласы Джокерді жеңіп, жас көрермендерді қуантқаны өз алдына бір әсерлі сәт болды. Шын мәнісінде кішкентай бүлдіршіндер үлкен әсермен тарасып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын танытты. Іс-шараға «Квартал» бизнес орталығының өкілі Наталья Ивнева мен кәсіпкер Тахир Әзімтаев қатысып, демеушілік қолдау көрсетті және партиялық жобаға тұрақты да қатысатынын жеткізді. Сапарбай Парманқұлов, «Егемен Қазақстан». Алматы