• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Қазақстанда мұнай өнімдері саудасы бойынша электронды биржа ашылады

129 рет
көрсетілді

ҚР Энергетика министрлігі қылмыстық жолдарға тосқауыл қою үшін мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізбек. Бұл туралы аталған ведомствоның алқа мәжілісінде министр Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат. "Сандық технологияларды пайдалану салаларға жаңа сапаны енгізуге мүмкіндік береді. Осы орайда мәліметтерді автоматтандырылған тәртіпте жинау, өңдеу және пайдалану үшін мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізу ескерілуде. Бұл жүйе мұнайды өндірудің, мұнай айналымы кезінде туындайтын барлық техникалық ысыраптарды еске алуды жаңғырту мен автоматтандыруға жол ашады»,-деп тоқталды министр. Оның пайымынша, бұл жаңашылдық мұнайды өндіру мен тасымал кезіндегі түрлі ысырапты төмендетуі тиіс, сондай-ақ осы бағытта қандайда да бір қылмыстық тізбектердің жолын кесуге ықпал етеді. Бозымбаевтың сөзінше, 2017 жылы заңнамаға тиісті түзетулер әзірленеді, ал 2018-2019 жылдары жүйе енгізіліп, 2020 жылдан бастап ол барлық кен орындарын қамтитын болады.