Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңіне шығу үшін Қытай елімен бақ сынасады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қос құрама арасындағы ойындар 7-9 сәуір күндері Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді. Билеттер бағасы – 1000 теңгеден. Ойындар кестесі төмендегідей:
Қазақстан – Қытай құрамалары ойындары:
7 сәуір
Басталуы: 12:00
8 сәуір
Басталуы: 13:00
9 сәуір
Басталуы: 14:00
Айта кетейік, 2016 жылдың наурыз айында Қазақстан құрамасы 1/8 финалда сербиялық теннисшілерден 3:2 есебімен ұтылса, қыркүйек айында Ресей құрамасына жол беріп, 6 жыл бойы бақ сынаған Әлемдік топтан шығып қалған еді.