• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Алматымен қауышуға келе жатқан Париж

220 рет
көрсетілді

Көптен жоспарланған Францияның Алматыда өтетін халықаралық күндері де жақындап қалды. Алматылықтар жұма күні басталатын мәдени күндерде осынау елдің рухын сезініп, тарихымен жанасып, өнердегі, өмірдегі табыстарымен, айтулы тауарларымен де кеңірек танысатын болады. Қысқасы, қалалықтар бұл күн­дері «француздарша өмір сүріп», француздардың тұрмысы мен өнері туралы ақпарат алады. Биылғы жылдың бағдарламасы бойынша мәдени оқиға ая­сында 2-ші Халықаралық «Regard de France» көрмесі өтпек. Бұл көр­меде Қазақстандағы француз ком­пания­ларының тауарлары, брендтері салтанат құрады. Ал демалыс, яғни 4-5 наурыз күндері Алматыдағы The Ritz Carlton қонақүйлерінде мәдени бағдарламалар шеруі жүреді. Сенбі күні кешкілік «Шымбұлақ» биік тау шаңғысы курортында дәстүрлі француз кеші ұйымдастырылып, әуесқойлар шаңғымен сырғанайды. Мысалы, Сен-Тропе қаласынан келген делегация құрамында туристік бизнес өкілдері, «Byblos» отелінің атақты шеф-аспазы және танымал музыканттар бар. Ал «Әйелді құдай жаратқан» атты фотокөрме атақты француз киноактрисасы Бриджит Бардоға арналған. Әйгілі актриса Сен-Тропе қаласының бетке ұстар мақтанышы екені белгілі. Бұл көрмені Esentai Mall сауда орталығында наурыздың 4-30 аралығында қала мэрия­сы ұсынғалы отыр. Мұнда Бриджит Бардоны әлем­дік даңққа бөлеген «Әйелді құдай жаратқан» кинолентасы көрсетіледі. Францияның оңтүстік шаһардағы күн­дері барынша айшықты өту үшін Алматыдағы Францияның Бас кон­сулдығы, қаладағы Францияның іскер серіктес компанияларының қазақ­стандық қауымдастығы барын салуда. Ауқымды шараға ұйытқы болып отырған елшілік мұндай мәдени байланыстар, түрлі көрмелер, іскерлік кездесулер, қызықты тұсаукесерлер екіжақты татулық пен түсіністікті тереңдете түседі деп біледі. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ