• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Елші отандастармен жүздесті

346 рет
көрсетілді

Қазақстан елшісі Зауытбек Тұрысбеков Мәскеуде тұратын бір топ  қазақтармен кездесті. Елші Қа­зақстанның әлеуметтік-эко­н­оми­ка­лық табыстары мен  ин­дустриялық-инновациялық дамуы жайында   ай­тып, отандас­тарды Қа­зақстан Президенті Н.Ә. Назар­баев­тың  биылғы Жолдауының халық­тың  әл-ауқатын арттыру, әлеу­мет­тік жаңару бағыт­тарын көз­дей­тін негізгі ережелерімен таныстырды. Мәдени-көп­шілік   іс-шараларды ұйымдас­тыру­ға  белсене  қатысқаны үшін  бір топ отандастарға Кеңес Ода­ғының Батыры Бауыржан Мо­мышұлының туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған  құр­метті белгі және Қазақстан елші­сі­нің алғыс хаттары табыс етілді. Ресейлік қазақтар өз кезегінде Қазақстанда өткен Президент сайлауына жоғары баға беріп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың  сайлаудағы айтулы жеңі­сімен барша қазақстан­дық­тарды шын жүректен құттық­тайтын­дық­тарын жеткізді. Сон­дай-ақ, елші­ліктің  Ресейде тұ­рып жатқан отан­дастарымыздың жай-күйіне  тұ­рақ­ты көңіл бөле­тіндігі үшін риза­шылықтарын білдірді. Серікқали БАЙМЕНШЕ, «Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.