• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Қызылордада "Нұр Отан" партиясының күні аталып өтілді

149 рет
көрсетілді

1 наурыз күні «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында партияның құрылғанына 18 жыл және алғыс айту күніне орай салтанаттты жиын өтті. Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев нұротандықтарды мерекесімен құттықтады. - «Нұр Отан» партиясы алғашқы құрылған күннен бастап тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болумен қатар елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым. Сондықтан біз алдағы уақыттарда да елдік биік мақсат пен халықтың игілігі жолында аянбай еңбек етуге, отанымыздың күш-қуатын еселей білуге тиістіміз,- деді Қ.Көшербаев. Шара барысында облыста президенттік партияны құруға атсалысқан саяси ұйым ардагерлері «Нұр Отан» тарихы туралы айтып, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы партияның рөлі жайындағы ойларымен бөлісті. Осы күні «Нұр Отан» партиясының қатарына кірген 9 адамға партия билеті, саяси ұйымның 9 белсенді мүшесіне облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.