• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Кедендік түсім өсіп отыр

364 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті үстіміздегі жыл­ғы қаңтар-наурыздағы кеден орган­да­рының қызметі туралы ақпарат бер­ді. Кедендік бақылау комите­ті­нің ресми өкілі Е.Байтанаевтың кел­тірген мәліметтері бойынша кеден органдары 2011 жылғы 1 қаң­тардан 31 наурызға дейін бюджетке 262 млрд. 781 млн. теңге түсіріп, бол­жамды тапсырма 126,2 пайызға орындалыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 138 млрд. 106 млн. теңгеге артық көрінеді. Сонда Қа­зақстанның әрбір кеденшісі көрсе­тіл­ген мерзім ішінде бюджетке 183 млн. 300 мың теңге түсуін қамта­масыз еткен. Сөйтіп республикалық бюджетке кедендік төлемдердің тү­су үлесі 37,5 пайызды құрап отыр дейді ресми өкіл. Бұған қоса кедендік тексеруді жүргізу нәтижесі бойынша 6 052 млрд. теңге қоса есептелген, бұл ретте іс жүзінде 3 448 млрд. теңге өндіріліп алынған. Жалпы осы кезеңде 131 қыл­мыс­тық және 2 888 әкімшілік іс қоз­ғалған. Есірткі контрабандасы бойынша 25, оның ішінде қызмет­тік-іздестіру иттерін пайдалана оты­­рып 16 дерек анықталған. Тәр­кіленген есірткілердің салмағы 21,607  кг. құрап, оның ішінде героин 12,696  кг.  Мәселен,  «Достық» кедені ЖШС директорына қатысты жалпы құны 150 570 АҚШ доллар тұратын 6 вагон мыс рудасының кон­трабандалық фактісі бойынша ҚК 209-бабы 2-бөлігінің «г» тар­мағы бойынша қылмыстық іс қоз­ғалды. Ал Жамбыл облысы бо­йын­ша КБД қызметкерлері  «Меркі» БӨП «Бішкек-Луговой» бағытын­дағы жолаушылар пойызында Қыр­ғыз Республикасының азаматынан салмағы 5 кг. 920 грамм героин тәркіледі. Ұйымдастырушылық, қыл­­мыстың алдын алу және басқа да жүргізілген шаралар нәтиже­сін­де кеден қызметкерлерінің құқық бұзушылық және өзге де қылмыс­тар жасауы азайды. Бұл орайда бірінші тоқсанда кеден органдары лауазымды тұлғаларына қатысты 17 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішін­де басқа құқық қорғау орган­дарымен өзара іс-қимылда 14 іс қозғалды. Осы кезең ішінде кеден органдары қызметкерлері жасаған 13 сыбайлас жемқорлық құқық бұ­зушылық анықталды. Сөйтіп, өткен жылмен салыстырғанда кеден ор­ган­дары жүйесінде сыбайлас жем­қорлық 50 пайызға,  сыбайлас жем­қорлық құқық бұзушылықтың 70 пайызға төмендеуі байқалды. Кеден одағы сыртқы шекарасы­ның қазақстандық учаскесіндегі өт­кізу пункттерінде бақылауды кү­шей­ту мақсатында Кедендік бақы­лау комитеті оңтүстік шекараны кедендік бақылаудың осы заманғы техни­калық құралдарымен жарақ­тан­ды­руды одан әрі жүргізуде. Мәселен, 2010 жылы кедендік ба­қылаудың инспекциялық тексеріп қарау кешені, көлік құ­рал­дарын есепке алудың автомат­тан­дырылған жүйесі, тауар­лар­дың жеткізілуін ба­қылаудың ав­томат­тан­ды­рылған жү­йесінің жолақ­тары, багаждар мен қол жүктерін сканерлеуге ар­налған рентгенте­ле­ви­зиялық  аппараттар, дербес қол ти­гізбей тексеріп қарау жүйесі және радиациялық бақы­лаудың 6 автомат­тандырылған жү­йе­сі техникалық құ­ралдарын ор­нату аяқталды. Үстіміз­дегі жылы да кедендік бақылауды осы заманғы тех­никалық құралдар­мен жарақ­тан­дыру жоспарланып отыр. Александр ТАСБОЛАТОВ.