Астанада өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың асыл қасиеттерін таныту қажеттігі туралы айтты.
"Ел болашағы үшін айрықша маңызды істі абыроймен атқарамыз деген нық сеніммен тиісті заң жобасын Парламентке енгізіп отырмын. Енді Парламент заң жобасын қараудың тәртібін мұқият сақтай отырып, ашық және жариялы түрле қажет құжатты қарауы қажет. Мәселеге елдік мүдде тұрғысынан қарап, заңды ұзаққа созбай қабылдайсыздар деп кәміл сенемін. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін", деді Президент.
Сонымен қатар Елбасы жұмыс тобының құрамындағы заңгерлер барлық сұрақтарға жауап беретінін атап өтті. " Өте жауапты түрде барлығы талқыланды. Сондықтан жұмыс тобымен, сіздермен түсіністікпен жұмыс істейміз деп сенемін", деді Елбасы.