• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Үкімет құрамы Мәжіліспен кеңесіп жасақталады - Жақсыбеков

306 рет
көрсетілді

Конституциялық реформа туралы заң жобасы Парламент қарауына берілді. Бұл туралы Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында конституциялық рейформалар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков хабарлады. – Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Мемлекет басшысының шешімімен Парламент қарауына енгізілді. Мемлекет басшысы атап өткендей, ұсынылған конституциялық өзгерістерді бес негізгі блок бойынша құрылымдауға болады. Біріншісі, түзетулер Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған. Үкіметті қалыптастырудағы Мәжілістің рөлін күшейту ұсынылады. Сонымен қатар, Үкімет оның мүшелерінің қызметін бақылау өкілеттігі бойынша Парламент пен палаталардың рөлін күшейту қарастырылған. Үкімет құрамын жасақтау кезінде келесі тәртіп ұсынылады. Премьер-Министр Мәжіліспен кеңескеннен кейін Мемлекет басшысына Үкімет мүшелігіне үміткерлер туралы ұсыныс енгізеді. Президент өзі тағайындайтын Сыртқы істер министрлері мен Қорғаныс министрлері ғана бұл ережеден тысқары,– деді Жақсыбеков. Жұмыс тобы жетекшісінің айтуынша, принципті түрдегі жаңашылдық деп жаңадан сайланған Мәжіліс алдында Үкіметтің өкілеттігін тоқтататынынын айтуға болады.