• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Елбасы: Қазақстанның саяси моделі сақталады

234 рет
көрсетілді

Қазақстанның өзіне тән саяси моделі - тұрақты президенттік билік сақталады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Жаңа жағдайда Парламентке, Үкіметке, барлық атқарушы органдарға зор жауапкершілік жүктеледі. Саяси жаңғырту конституциялық реформалар арқылы нақты жүзеге асырылатын болады. Бір айқын мәселе - Қазақстанның өзіне тән саяси моделі, яғни тұрақты президенттік билік сақталады. Сонымен бірге Парламент пен Үкіметтің өкілеттіктері неғұрлым кеңейіп, олардың рөлі арта түседі. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып айтайын, өкілеттікті тиімді қолданудың өзі асқан өнер. Біздің президенттік билік жайында осы  жылдардың ішінде өзімізде де, сыртта да  неше түрлі сөз айтылғанын білеміз. Бірақ біз ең алдымен өзімізге, қазақстандықтарға, халқымызға не керек, сонымен жүрдік. Осы нағыз дұрыс жол. Бұл қажырлы еңбек пен ыждағаттылықты қажет етеді», - деді Президент. Мемлекет басшысы саяси жаңғырудың технологиялық жаңғырумен қатар қолға  алынуы айрықша маңызды екендігін баса айтты. «Олар бірін-бірі күшейте, толықтыра түсуі қажет. Конституциялық реформа 5 саладан тұратын ұлт жоспарымен және жақында жарияланған үшінші жаңғырумен қатар  жүзеге асуы тиіс. Бір-бірімен  жалғасып жатады. Менің Жолдауымда айтылған міндеттер заң шығарушы, атқарушы органдарға ерекше жауапкершілік  артады. Жаңа жаһандық  жағдайда мемлекеттің стратегиялық бағдары өзгермейді. Біздің межеміз даму көшінің басындағы 30 елдің қатарында болу. Негізгі мақсат - сол. Саяси және технологиялық жаңғырудың  мақсаты да осы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.