• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

АҚШ экспортының көбеюі мұнай мен теңгені әлсіретті

184 рет
көрсетілді

KASE-нің таңғы сессия қорытындысы бойынша, бүгін, 3 наурызда 1 АҚШ доллары 317,40 теңгеге көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, өткен апта 14 айлық минимумға түскен теңгенің бағамы осы апта тұрақты көтеріліп, аптаның соңғы күні дүйсенбімен салыстырғанда 6 пунктқа дейін көтерілді. Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:26-да Брент маркалы мұнай бағасы 55,13 долларға дейін түсті. Айта кетейік, апта басын шикізат құны 56,60 доллармен бастаған еді. Осы апта мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тан жеткен хабар түрткі болды. АҚШ энергетика министрлігінің мәліметінше, елдің экспорттық әлеуеті артып, қазіргі таңда өткен аймен салыстырғанда АҚШ экспорты 1,5 млн баррельге артып, тәулігіне қазір 9 млн баррель қара алтын экспорттап отыр.