• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Боксшы Әли Ахмедовтің жекпе-жегі сәуір айында өтетін болды

104 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов алтыншы жекпе-жегінде гамбиялық Патрик Мендимен жұдырықтасатын болды. Қос спортшының арасындағы айқас 11 наурыз күні Ұлыбританияның Лондон қаласында өтуі тиіс болатын. «Лондонда 11 наурыз күні жекпе-жегім өтуі тиіс болатын. Бірақ ұймдастырушылар үлкен бокс кешін өткізбек болып отыр екен. Ал мен кезекті жекпе-жегімді Польшаның Варшава қаласында шаршы алаңға гамбиялық Патрик Мендиге қарсы өткіземін. Айқас сегіз раундқа созылады. Қарсыласым әлемдік рейтингтегі үздік 50 боксшының бірі», – деді қазақстандық боксшы. «Бұған дейінгі ұрыстарын көріп шықтым. Тәжірибелі боксшы. Көптеген титулды жекпе-жектер өткізген. Ресейлік Дмитрий Чудиновпен тең түскен. Британиялық Каллум Смитпен, франциялық Хассан Н'Жикаммен күш сынасқан. Оңай қарсылас емес», – деді жартылай ауыр салмақтағы боксшы. Айта кетейік, 21 жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста бес рет шаршы алаңға шығып, бәрінде жеңіспен (төрт нокаут) аяқтаған. Соңғы рет ол белорус боксшысы Владимир Харкевичтен ұпай санымен басым түсті. Айқастан кейін Ахмедов жарақат алған қолымен жұдырықтасқаны белгілі болды.