• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Ақпандағы теңгенің нығаюы үй бағасына қалай әсер етті?

174 рет
көрсетілді

Соңғы бірнеше аптада үй бағасы көтеріле бастады. Ақпан айының басынан соңына дейінгі аралықта ұлттық валюта 4 пайызға күшейді. Қазірде жылжымайтын мүлік нарығында долларға деген тәуелділіктің жоқтығы анық көрінеді. Осының нәтижесінде теңге бағамының өзгеруі үй бағасына қатты әсер етпеді. Астана мен Алматыда өткен айдағы ең қатты қымбаттаған баға 1 пайыздан асқан жоқ. Бағаның өзгеру тренді өте бәсең болды және айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Астанада шаршы метрдің орташа бағасы 334 850 теңге болды. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 0,6 пайызға (1 990 теңге) теңгеге артық. Қаңтар айында бағаның күрт төмендеуінен кейін ақпандағы аздаған қымбатшылық айтарлықтай әсер еткен жоқ. Қазіргі кезде баға 2016 жылғы көрсеткіштен анағұрлым арзан. Әзірге ең арзан баға 2017 жылдың қаңтар айында тіркеліп отыр. Алматыда жағдай сәл өзгешелеу. Жыл басындағы құлдыраудың орны әлі толмай тұр. Жалпы, ақпанда ұсыныстың орташа бағасы шаршы метріне 1,9 пайызға (6 980 теңге) арзандап, қазір 352 100 теңгеге тұрақтады. Осылайша, жылдық минимум ақпанда кезекті рет жаңарып отыр. Жалпы, баға тренді төмен кетіп барады. Қалай дегенде де, өткен жылдың қараша айынан бері Алматыдағы баға тұрақты төмендеуде.