KASE-нің кешкі сессиясында, жұма, 3 наурыз күні АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 317,68 теңге болды.
Ал апта басынан бері АҚШ доллары 4,99 теңгеге төмендеді. Дүйсенбі, 27 ақпан күні доллардың бағамы 312,47 болса, қазір 317,46 теңге.
Таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша, теңгенің АҚШ долларындағы бағамы 317,46.
Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 16:03-те Брент маркалы мұнай бағасы 55,18 долларға теңесті. Аптаны мұнай бағасы 56,60 доллар айналасында бастаған шикізат құны аптаның ортасына қарай 57 долларды маңайлап, жұманы 55 доллардың үстінде аяқтап отыр.
Мұнайдың бұлай арзандауына АҚШ экспортының күрт көтерілуі себеп болған. АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметінше, АҚШ экспортты тәулігіне 1,5 млн баррельге көбейтіп, қазір тәулігіне 9 млн баррель сыртқа сатуда.