• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Фируза Шәріпова жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

154 рет
көрсетілді

Ресейдің Балаших қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлия Чернобородова жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды allfight.ru. Қос боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта шектеу қойылған 58,950 келіден аспады. Шәріпованың салмағы 58,9 кило болса, Чернобородова 58,7 килоны көрсетті. Айта кетейік, 4 наурыз күні отандасымыз Мәскеуде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – Ресейдің Орталық федеральды аймағының чемпионы. Кәсіпқой боксқа алғаш рет шығайын деп тұр. Бұған дейін Шәріпова наурыз айында титулды айқасын өткізетіндігі хабарланған. Алайда, менеджері Сергей Завилейский екеуі қаржылық қиындықтарға байланысты рейтингті жекпе-жек өткізуді жөн көріпті. Фирузаның соңғы айқасы 24 қыркүйек күні Алматыда сербиялық Милен Матовичке қарсы өткен. Жерлесіміз екінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы Мәскеуде кіші Флойд Мэйуезер атындағы «Бокс академиясында» бапкер Сергей Кубышевтің қол астында жаттығып жүр.