• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Ғарышкерлер күні атап өтілді

796 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Виктор Пацаевтың ескерткіші алдында 12 сәуір – Космонавтика күніне арналған   «Адамзаттың ғарышқа алғашқы қадамы» атты митинг болды. Бұл облыстық планетарий ұйымдастырған «Жұлдызды 50 жыл» апталығының салтанатты жабылуымен тұспа-тұс келді. Акцияға қатысушылар ғарышкер жерлестерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осындағы В.Пацаев атындағы жас ұшқыштар және орта мектептердің балалары, қалалықтар тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшар алдындағы сөзін тыңдап, дауысын естіді. Салтанатты шараға жиналғандар алдында Виктор Пацаевтың қа­рын­дасы, журналист Галина Пацаева ағасы туралы, ал, отстав­ка­дағы пол­ковник Кеулімжай Жуасов өзі құрылысын салуға атсалысқан Бай­қоңыр ғарыш айлағы жайында естеліктер айтты. Қалалық тех­никалық шығармашылық үйінің жас техниктері өздері құрастырған зымырандар модельдерін, ал акцияға қатысушылар 500 әуе шарларын ұшырды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.