Еліміздің барлық өңірінде Ауылдық округ күні аясында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау бойынша ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің көшпелі отырыстары өтті.
Іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты: ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңестерінің, ардагерлер кеңестерінің, медиация орталықтарының, ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, білім беру, ішкі және жастар саясаты бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс аясында Қоғамдық келісім кеңестері ауыл тұрғындарын қабылдап, кәсіби медиаторлар кеңес беру қызметтерін көрсетті.
«Егемен-ақпарат»