• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Батырхан Сәрсенхан, ақын: «Өмір – жақсылық жасаудан басқа ештеңе емес»

985 рет
көрсетілді

Студент кезінде-ақ Ас­танада өткен ХVІІ Халық­аралық «Шабыт-2014» шы­­ғармашыл жас­тар фес­ти­валінің «Үздік әде­би шы­ғарма» аталымы (поэ­зия) бойынша бас жүлдесін алған Батырхан Сәрсенхан – болашағынан үлкен үміт күттіретін ақын. Біздің Батырханмен болған бүгінгі әңгімеміз жас таланттың өлеңге, өмірге деген көзқа­растары төңірегінде өрбіді. – Батырхан, өнер өскен ор­таға, топыраққа байланыс­ты дейді. Өзіңе ақындық өнер кім­нен дарыды? – Ата-бабамның бойында ақындық қасиеттің бары рас. Бірақ кез келген қазақтың атасында ақындық болуы мүмкін. Менің түсінігімде, үлкен еңбек шығармашылықты ұштайды. «Еңбек еткенге бақыт басын иеді». Біздікі, әрине, ой еңбегі. Ол ең азапты жол екенін аздап сезінген секілдімін. – Сенің «Бейбітшілік әлемі», «Шырайлы Шұбайқызылым», «Туы биік, тұғыры мығым – Тәу­ел­­сіздік» секілді халық­ара­лық, рес­пуб­ликалық, облыс­тық бірнеше бай­қауларда топ жарып шық­қа­ныңды жұрт жақсы біледі. Жал­пы, жеңімпаз атану, атақ-абырой әсіре­се, жас ақынға қанша­лықты қажет? – Көптің ықыласы, мемлекеттің бағалап сый бергені жақсы ғой. Оның несі жаман? Ақын­ды өлтірудің басты жолы – елемеу, ескермеу. Әркім еңбегіне қарай бағасын алсын. Талантты ұштамаса, бұл ықылас өлтірмейді. – Бүгінгі қазақ поэзиясына көңілің тола ма? – Бүгінгі біздің басты жауымыз интернет емес, әлеуметтік желілер. Желілердің ішінде де түкке қажеті жоқ, уақыт жұтуға шебер­лері шаш етектен. Әрине, кейбір желілердің поэзиямызды оқырманға жеткізуде маңызы зор, алайда біз оны шектен тыс қолдану арқылы «Кітап мырзаны» қатты ренжітудеміз. – Ақынды қоғамның баро­метрі деп жатамыз. Бүгінгі қазақ қоға­мын­да сені қатты алаң­дата­тын жайт не? – Дәл қазір ұлт тағдыры алаң­­датады. Меніңше, ұлттың дәрумені – ар-иманы. Арандатуды ойлағандар дәл осы тамырдың үстінен басып, түрлі ағымдар арқылы жұрттың миын ашытуда. Өткенде бір жас жігіт сұрақ қойды. «Ұлтқа қалай қызмет етсем болады?» дейді. Мен үйінің есік алдына гүл немесе тал отырғызуын өтіндім. Біз әрқайсымыз өз басымыздың директорымыз. Қол мырзаны, Ерін ханымды, Аяқ мырзаны дұрыс іске жұмылдыра білсек, қоғам өзінен өзі түзелер еді. – Кімді сүйіп оқисың? – Өмірді. – Алдағы жоспарларыңмен бөліссең... – Жоспар көп. Адамдарға жақ­сылық жасауға құштармын. Толстой секілді ұзын асхана ашып, мұқтаждарды тойындырсам, ба­­қыттың кекілін табар едім. «Өмір – адамдарға жақсылық жасаудан басқа ештеңе емес». Бес жыл ішінде өз мектебімдегі үздік оқушыларға шәкіртақы тағайын­дасам, он жыл ішінде мұқтаждарға көмек қолын созатын қорлар ашсам деймін. Алдағы жылға жаңа жинақтың сұлбасы санамда жүр. Әңгімелескен Айнұр АСАНҚЫЗЫ