• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Басым міндеттер атап өтілді

394 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан Республикасының Ішкі істер министрлігінде болып, ІІМ-нің ұжымына Қазақстан Республикасының жаңа Ішкі іс­тер министрін таныстырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Президенттің Жарлығымен ге­нерал-майор Қалмұханбет Қа­сымов Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Құқық қорғау ведом­ствосы­ның қызметкерлеріне жаңа Ішкі істер министрін таныстыра оты­рып, Президент полиция және ішкі әскер қызметкерлеріне жақ­сы жұмыстары үшін алғысын ай­тып, басым міндеттерді атап өтті. – Қасымов еңбек жолын тергеушіден, аға тергеушіден баста­ған. Ол заңгер, ішкі істер жүйе­сінде өмір бойы еңбек етіп келеді. Мен таяуда негізгі міндеттері белгіленген Ішкі істер министр­лігінің алқа мәжі­лісіне қатыстым. Бүгінде сондай-ақ бірқатар міндетті шешу қажет. Бірінші, министр мен оның орынбасарлары ведомствоның өз ішіндегі жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке жеке жауап береді. Мен бұл міндетті тағайындалған бар­лық министрлердің алдына қоя­мын. Министрлер мен олардың орынбасарлары – өз ведомство­ларын­дағы сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күреске негізгі жауап­тылар. Егер онымен министр­лік­тің басшылығының біреуі айна­лыс­қан болса, онда бүкіл құрам және министр өз қызметінде қалуға құқы жоқ, – деді Елбасы. – Екінші мәселе – бизнесмендерге зәбір көрсетуге жол берілмеуі тиіс. Біз қазір іскер адам­дарға толықтай еркіндік беріп, ісіне араласпауға тиіспіз. Басқа барлық мәселелер бойынша мен тәртіп енгіземін, тексеруші ор­ган­дарды қысқарту керек. Үшін­ші мәселе – кадрларды тәрбиелеу. Құрамға жастар көптеп келіп жатады, оларды оқыту керек. Заңды, өз құқықтары мен міндеттерін білулері керек, қарапайым адамдардың мұқтаждықтарын тү­сіну үшін оларға жақын болу керек. Егер өз құқығын, өз бостан­дығын қорғау үшін өтініш білдірген адам болса, полиция қызмет­кері оған көмектесуі тиіс. Тұр­ғындар оның жұмысына қолдау көрсетуі үшін ол тұрғындармен етене жақын болуы керек, деді Мемлекет басшысы. Әрине, деп жалғады сөзін Пре­зидент, алдағы уақытта бізге заңнаманы жетілдіру керек. Осы орайда, біз қазір Ішкі істер министрлігі туралы заң жобасын әзірлеудеміз. Барлығын: полиция қызметкерлерінің материалдық жағдайын, полиция қызметкерле­рі үшін әлеуметтік пакетті ескеру қажет, сонымен қатар, халық ал­дындағы жауапкершілігі мен беделін көтеретін уақыт жетті. Осы­лай деген Н.Назарбаев сон­дық­тан бәрінен хабардар, яғни тө­менгі жәйтті, ауыл, аудан жағ­дайын білетін адамды тағайын­дап отырғанын атап көрсетті. Ол облыста жұмыс істеді, бүкіл Қа­зақстанды аралап шықты, бүкіл жүйені, басшылықты таниды. Сай­лаудан кейін халық топтаса түсті. Қазақстандықтар мерекелік көңіл-күй кешуде, халықтың үл­кен қуаныштар күтері анық. Бұл бізге зор жауапкершіліктер жүк­тей­ді. Сіздер қылмыспен алғаш рет бетпе-бет келесіздер. Жергілікті жерлердегі қатардағы полицейлер, жол полициясының қатар­дағы қызметкері – сіздер қылмыспен күресте елдің негізгі күшісіздер. Сіздер ең үлкен құқық қорғау ұйымысыздар және елімізде құқық қорғауды нығайту жөніндегі ең негізгі күшсіздер, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігі ведомство ал­дын­да тұрған барлық міндетті іске асыратынына сенім білдірді. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.