• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Жаңа басшыларды таныстырды

339 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов кеше бірқатар министрліктер мен ведомстволардың жаңа басшыларын таныстыр­ды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Экономикалық даму және сауда министрлігінің ұжымына оның жаңа басшысы Қайрат Келімбетовті таныстырды. К.Мәсімов атап өткендей, Мемлекет басшысы тарапынан ел Үкіметі алдына қойылған стратегиялық міндеттемелер аясында алдағы уақытта Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметі кеңейтіледі. *  *  * Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа төраға Тимур Құлыбаевты таныстырды. Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ауқымды индустрияландыруды, сонымен қатар, ұлттық компанияларда корпоративті басқару қағидаларын енгізу шараларын табысты жүзеге асыруды жалғастыратынына сенім білдірді. *  *  * Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының Жарлығымен Көлік және коммуникация министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалған Берік Камалиевті ұжымға таныстырды. Премьер-Министр көлік-коммуникация кешенінің ел экономикасын тиімді нығайту, Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге жағдай жасаудағы атқарып отырған рөлінің маңыздылығын атап өтті.