• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Жүрекжарды лебіздер легі жалғасуда

499 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты шетелдік саяси және қоғам қайраткерлерінен көптеген құттықтау хаттары түсуі жалғасуда. Словакия Республикасы­ның экс-президенті Рудольф Шустер өзінің хатында Мемлекет басшысын сайлаудағы басым жеңісімен құттық­тай­ды. – Сіздің еліңіз – табысты эко­номикасы, өсіп келе жатқан өмір сүру деңгейі, білім беру және мәдениетті дамыту бой­ын­ша толық негізде үлгі тұтар­лық ел. Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Сіздің басшылығыңызбен халықаралық деңгейде этносара­лық және дінаралық үнқаты­су­дың моделіне айналды. Бұл бү­гін­гі әлемде толқулардың көп­те­ген ошақтары пайда болып отыр­ған жағдайда өте маңызды мә­селе ­болып табылады, – деп атап көрсетеді хатында Р.Шустер. Хорватияның экс-президенті Степан Месич Мемлекет басшы­сын президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттық­тайды. – Қазақстан Сіздің басшы­лы­ғыңызбен соңғы екі онжыл­дық бедерінде, әсіресе, эконо­ми­ка сек­торында айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Сіздің же­ңі­сіңіз Қазақстан Респуб­ли­касы­ның азаматтары тұрақ­ты­лық пен прогресті таңдаға­ны­ның белгісі болып отыр, – деп атап көрсетеді өзінің хатында С.Месич. Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ресей Федерациясы Федералды жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Сергей Миронов құттықтайды. – Ресей Федерациясы Фе­де­ралды жиналысы Федерация ке­ңесінің және жеке өзімнің атым­нан Сізді 2011 жылдың 3 сәуі­рінде болып өткен Қа­зақстан Республикасының президенттік сайлауындағы талассыз жеңісіңіз­бен шын жүректен құттықтай­мын. Сізге Қазақстан Респуб­лика­сының көп ұлтты халқы көрсет­кен жоғары сенім Сіздің эконо­мика және саясат саласында жүр­гі­зіп келе жатқан елді жаңғырту саясатыңызға толық қол­дауды айғақтап берді, – деп атап көрсетеді хатында С.Миронов. Президенттік сайлауда Нұр­сұл­тан Назарбаевтың сенімді же­ңіске жетуіне байланысты құт­тықтауларын жол­дағандар қата­рында – Француз Рес­публи­касы­ның сенаторы К.Понселе, Қырғыз Республикасы Жогорку Ке­не­ші­нің депутаты А.Келдібеков, Татарстан Республикасының Президенті Р.Минниханов, Кавказ мұ­сыл­ман­дары басқармасының төр­ағасы, ТМД Дінаралық кеңесінің тең төрағасы Шейх-уль-ислам Аллахшукюр Паша-Заде, Тула және Белев митрополиті Алексей, театр мен киноның белгілі актері Армен Джигарханян, Еуропа­ның Әзірбайжандағы сауда-экономи­калық, коммерция және өнеркәсіп палатасының президенті Н.Пириев, Ресей Федерациясы Орынбор облы­сының губернаторы Ю.Берг, Днепродзержинск қаласының бас­шысы С.Сафронов, «Русснефть» ҰК» ААҚ президенті М.Гуцериев, Халық­ара­лық заңгер­лер одағының төрағасы А.Требков, Қырым ин­женер-педаго­ги­калық универ­си­теті­­нің ректоры Ф.Якубов, Ресей Федерациясындағы Бердск қала­сының тұрғыны В.Ткаченко, РФ-ның Ингуш Республи­ка­сындағы Наз­рань қаласының тұрғы­ны Долгиева, Әзірбайжанның Самедли кентінде тұратын М.Абдуллаев, Мәс­кеу қаласының тұрғыны Б.Пастухов, РФ-ның Кабардин-Балқар Рес­публикасындағы Нальчик қала­сының тұрғыны И.Кайтаев бар.