• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Қайта тағайындалды

382 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қостанайға келді.  Ол облыстың активін  Елбасының Жарлығымен Қостанай облысы­ның әкімі болып  аймақтың бұрынғы басшысы Сергей Кулагин­нің қайта тағайындалғанынан хабардар етті. Сергей Кулагин Қостанай об­лысын  жеті жыл басқарды. Рес­пуб­ликадағы облыс әкімдерінің арасында бір облыс тізгінін  осын­ша  ұзақ мерзімге ұстаған  бас­шы да өзі  екен. Сергей Витальевич облыс  әкімі лауазымына қайта тағайын­далуын Елбасының өзіне деген  үлкен сенімі деп бағалады және сол сенім биігінен  табылу үшін тапсырған тапсырмаларды жүзеге асыруға  бар күш-жігерін жұм­сай­тынын айтты. Кәрім Мәсімов  Сергей Кулагинді құттықтай отырып, алда көңіл бөлетін мәселелер мен тапсырмаларды да атап өтті. Көктемгі дала жұмыстарын өткізу әкімнің алда атқаратын басты жұмысының бірі болмақ. Биыл мал шаруашылығын дамытуға арналған  бағдарлама басталмақ. Үкімет басшысы облыс әкімінің осы мәселеге көңіл бөлуін және  азық-түлік бағасын қадағалауды  тапсырды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.