• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Жұмысы жалғасады

308 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мә­сімов сейсенбі күні кешкілік Өскеменге келіп, Шығыс Қазақ­стан облысының актив жиынын өткізді. Жиынды ашқан Үкімет басшысы Бердібек Сапарбаевтың облыс әкімі қызметіне қайтадан тағайындалғаны туралы Елбасы Жарлығын оқып берді. Облыстық ардагерлер кеңесі­нің төрағасы Г.Бердюгин, «Имстальком» кәсіпорнының басшы­сы, облыстық мәслихаттың депу­таты М.Лабуков Бердібек Мәш­бекұлының екі жыл ішінде атқар­ған істеріне жоғары баға берді. «Жаңа ғана депутаттар корпусы облыс әкімінің кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді. Өңір­де үдемелі индустриялық-инно­вациялық жобалар батыл өндіріс­ке енгізілуде, тек өткен жылы өңірде 15000-нан астам жұмыс орны ашылды», деді олар. Үкімет басшысы К.Мәсімов Б.Сапарбаевты құттықтап, Семейдегі жылу беру қазандықтарын жөндеуді жалғастыру, денсаулық сақтау, білім беру салаларына серпін қосу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, адам­дар­дың әл-ауқатын жақсарту­да көп ізденістер таныту қажеттігін атап көрсетті. Үдемелі жобаларды одан әрі жалғастыра беру керектігі де сөз болды. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.