• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Алдағы іске сәттілік тіледі

600 рет
көрсетілді

Кеше кешкілік облысқа елі­міздің Үкімет басшысы Кәрім Мә­сімов келді. Ол облыстық әкім­дікте өткен  актив жиы­лы­сында Прези­денттің ұсынысына сәйкес облыс­тық мәслихат депу­таттарының келісімімен  қайта­дан тағайындалған облыс әкімі Бақытжан Сағын­таев­тың алдағы атқаратын қызметіне табыс, сәттілік тіледі. Бақытжан Сағынтаев өнді­рісті өңірді  үш жылдай уақыт бас­қа­рып келді. Облыстағы ин­дус­трия­лық-инновациялық ау­қым­ды бағ­дарламалардың жүзеге асуына үлес қосты. Шалғай ауыл­дарға сандық теледидар ха­бар­лары жетті. Жаңа  мектептер, ауруханалар, балабақшалар  ашы­л­ды. Алқалы жиында Бақытжан Сағынтаев сөз алып, өзіне зор сенім білдіргені үшін Елбасыға алғысын айтты және еліміздің экономикалық әлеуеті­нің өсіп-өркендеуіндегі өндірісті облыс­тың бұдан әрі қарай да табыс биігінен түспейтінін жеткізді. Жиын соңында Кәрім Мәсімов  қызметіне қайта тағайындалған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев­қа алдағы уақытта  да осындай биік белестерден көрінуіне тілектестік білдірді. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.