• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

«Барыс» «Металлург» командасын жеңе ала ма?

185 рет
көрсетілді

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Эдуард Занковец Құрлықтық хоккей лигасының екінші раундында Магнитогорсікінің «Металлургіне» қарсы ойын жайлы ой бөлісті. «Қарсыластарымыз «Шығыс» конференциясындағы ең мықты ұжым. Бірінші орынды лайықты түрде алды деп ойлаймын. Бізді нағыз сын сағаты күтіп тұр. Барымызды салып дайындалуымыз керек. Жігіттер екі күн демалыстан соң жаттығуға қайта шықты», – деді Занковец. «Бұл ойындарда «Металлургтің» фаворит екені айтпаса да белгілі. Бірақ біздің де үмітіміз жоқ емес. Келесі кезеңге шығу үшін барымызды саламыз. Қазір қарсыластарымыздың ойынын талдап, шабуылдарына қарсы әдістер құрып отырмыз», – деді бас бапкер. «Барыстың» басты жұлдыздарының бірі Брэндон Боченски кезекті матчтардың бірінде жарақат алып қалған болатын. «Боченски қазір дайындыққа кірісті. Бәрі ойдағыдай болса, матчта көресіздер деп ойлаймын. Бірақ алғашқы ойында айдынға шығады деп айта алмаймын», – деді ол. Магитогорскіліктердің сапында «Барысқа» қауіпті тудыруы мүмкін бірден бір ойыншы – Сергей Мозякин. Ал Эдуард Занковец оның жолын бөгеу үшін қандай амал ойлап табуы мүмкін? «Металлург» бір ғана ойыншыға арқа сүйеп тұр деп айта алмаймын. Жалпы ұжым мықтылардан құралған. Шабуыл шебінде де, қорғаныста да жоғары деңгейлі хоккейшілер жетерлік. Сондай-ақ, білікті жаттықтырушылар да бар», – деді Эдуард Занковец. Айта кетейік, «Металлург» пен «Барыс» арасындағы ойындар 9 және 11 наурызда Магнитогорскіде, 13 және 15 күндері Астанада өтеді.