Кеше Ақтөбе облыстық мәслихатының кезектен тыс 28-ші сессиясы болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин қатысты. Аслан Есболайұлы алдымен мәслихат депутаттарымен жолығып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ақтөбе облысының әкімдігіне Елеусін Наурызбайұлы Сағындықовты қайта тағайындау жөнінде ұсыныс білдіргенін мәлімдеді. Сессия жұмысына қатысқан депутаттар Елбасы ұсынысын бірауыздан мақұлдады.
Одан кейін болған актив жиынында Елеусін Наурызбайұлы Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары сенімін абыроймен атқаратынына сендіріп, өңір тынысын мемлекет алға қойған тапсырмалар деңгейінде жандандыруға сөз берді. Актив жиналысында Аслан Мусин сөз сөйлеп, елдің, жердің байлығын игілікке пайдалану жөнінде пікір білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан кезектен тыс президенттік сайлауда жоғары белсенділік танытып, сенім білдірген ақтөбеліктерге алғыс сезімін жеткізді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.