Қытайдың «Singer 2017» ән байқауының қатысушысы, отандасымыз Димаш Құдайберген өзінің Инстаграмдағы парақшасында барша әйел қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
«Құрметті, Асыл жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, ақылы мол апалар, қылықты қарындастар! Көктем келген кезде көңілімізді жадырататын нәзік жандардың мерекесі қатар келеді. Әр әйел – бақытты болуға лайықты! Әр нәзік жандылар – сүйіктісінің назарында болуға лайықты! Баршаңызды Халықаралық арулар мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар! Мерекелеріңізбен!!! Құшақтадым баршаңызды!», деп жазды әнші.