Өзбекстан мен Түркіменстан президенттері Шавкат Мирзиеев пен Гурбангулы Бердымухамедов Өзбекстанның шекарасы маңынан Әмудария арқылы өтетін Түркіменабат-Фараб атты жаңа теміржол және автокөлік көпірін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Ұзындығы 1 750 метрге дейін жететін теміржол көпірі қатты жер сілкінісіне төзімді және аса ауыр жүк тасымалдайтын пойыздарды есепке алып салынған. Көпірдің асты өзенге дейін – 10 метр, ал ені 60 метрді құрайды. Әмударияның екі жағалауындағы теміржол көпірінде жағалауды қорғау жұмыстары кешені құрылған.
Ашылудан кейін Өзбекстаннан көпірлердің бірімен теміржол құрамы жолға шықса, екіншісінен – түркімендік карбамид, маталар мен басқа да өнімдер тиелген жүк көліктері Өзбекстанға қарай беттеді, делінген хабарламада.