• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Мерекелік мезірет

347 рет
көрсетілді

Халықаралық маңызы жоғары мейрам

Мен үшін Халықаралық әйелдер күні – кезекті демалыс, сонымен бірге, көңіл көтеретін ай­рықша мереке. Әрине, жұр­т­тың бәрі құт­тық­тап, жақсы ті­­­лектер ай­тып жатқанына қуа­­намын. Пре­­зидентіміз де жыл сайын әйел­­дер қызметінің қо­ғамдағы ма­ңызын көрсетіп, олар­ды құт­т­ықтап, қабылдау жа­сап, сый-құрмет көрсетеді. Дегенмен, 8 наурыздың та­ри­хын да жастардың біліп жүр­­гені дұрыс. Өйткені, ол үне­мі айтыла бермейді. Қай­дан шыққан мереке, не үшін қа­былданған деген сұрақтарды жас­тар өздеріне қоймайды. Бұл ме­реке әйелдердің теңдігін та­­лап еткен қозғалыстың нә­ти­­жесінде өмірге келген. Ең ал­­ғашқы қозғалыс 1908 жыл­ғы 8 наурызда Американың Нью-Йорк қаласында болған. Сол күні әйелдер теңдігін та­лап етуші ұйымдардың бас­шы­лығымен 15 мыңға жуық адам әйел теңдігін талап етіп, ше­ру­ге шыққан. Оған дейін әйел­­дердің сайлау және сайла­нуы құқы болмаған. Осы кезден бас­тап дүние жүзінде әйелдер қоз­ғалысы жанданып, оның дау­ысы естімеуге болмайтын жо­ғары деңгейге жеткен. Сон­дық­тан барлық ұлттық заң­на­малар әйелдер теңдігін арнайы бап ретінде өздерінің заң­дарына енгізген. Ал 1910 жылы Данияның ас­танасы – Копенгагенде бол­ған халықаралық конференция­да 8 наурызды әйелдер күні деп жа­риялауды алғаш рет ұсынған н­еміс коммунисі Клара Цеткин. Бұл ұсынысты көптеген ел қол­дап, өздерінде атап өтеді. Ал кейбір мемлекеттер оны «Ана­лар күні» деп өзгертіп алған. Қалай десек те, бұл – ха­лық­а­- ралық деңгейде атала­тын үл­кен мереке. Мен әріп­тес­те­рімді, бү­кіл Қазақстан әйел­дерін осы ай­тулы мерекемен құттықтап, олар­ға барлық жақ­сылықты тілеймін. Людмила ПОЛТОРАБАТЬКО, Парламент Сенатының депутаты  

Ел іргесін нығайтудағы  үлестері зор

Біз бала кезімізде осы ме­ре­кені асыға күтетін едік. Ана­ла­рымыз бен мұғалім­де­р­імізге сый­лықтар әзір­леу үшін қатты дайын­далатынбыз. Бір қызығы – мұғалімдер, соның ішінде тіп­­ті әйел мұғалімдеріміз бұл ме­­ре­кеге соншалық дайындала қоймай, біздің әбігерленіп жүр­генімізге бей-жай қарай­тын сияқты көрінетін. Соған қа­­ра­ған­­да, көктеммен бірге кел­е­тін осы мереке тек жас­тар, соның ішін­­де балалар ара­­сында ба­рын­­­ша танымал әрі әсерлі болды ғой деп ойлай­мын. Жұрттың бә­­рі дай­­ындала­тын Жаңа жылдай емес, мына мереке сонысымен де ерекше еді. Әйелдер күні ер азаматтарға да үлкен сын. Олардың өзде­рі­нің жан-жарларына, аналары мен қыздарына, әріп­тес қыз-келіншектерге сый­лық жасау қамымен қатты ой­ла­нып жүр­ге­ні сезіледі. Жауап­ке­р­ші­л­і­­гі мық­ты, өз ісіне мығым, ти­я­­­нақ­ты жігіттер мұндайда ер­ек­­­ше көз­­ге түсуге тырысып, бұ­р­ын бол­­маған айрықша сый­лық­­­тар жа­сап жатады. Осы іс­тен олар­дың көңілдерінің қан­ша­­лықты шы­­найы екені бай­қа­­­латын. Сон­­дықтан мерекеде ба­­­рынша жақ­­сы көрінуге тыры­са­тын жі­гі­т­тер көп болатын. Еліміздің іргесінің нығайып, тәуелсіздігіміздің берік орнауына әйелдер өлшеусіз үлес қосып ке­леді. Бүгінгі күні өмірдің бар­лық саласында мақтан тұтар қыз­­дарымыздың есімдерін кө­ре­міз. Олар Отанымызды өр­ге сүй­­реп, басқа елдермен те­ре­зе­­міздің тең болуына атсалы­сып жүр. Әйелдер мерекесінде маған осындай ойлар келеді. Бүгінгі қуанышта мен барлық әйелдер қауымын, соның ішінде аяулы аналарымызды, алтындай қыз­­дарымызды, келісті ке­лін­­де­рімізді, әріптес қыз-ке­лін­­шек­терді шын жүректен құт­­тықтаймын. Бәрінің ден­сау­­лық­тары мықты болып, ер­кін елі­міздің аясында табыс­та­ры мол болып, өмірлерінің шат­тық­қа тола беруін тілеймін. Меруерт ҚАЗБЕКОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты