• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Наурыз айында ауа райы күрт жылынады

177 рет
көрсетілді

Көктемнің алғашқы айында республикамыздың шығысында, солтүстігі мен орталығында жауын-шашын нормадан жоғары болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Мәліметтер бойынша, қар мен жаңбыр Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жаумайды. Орташа температура нормадан 1-2°С жоғары. Наурыз айының ортасынан бастап ауа температурасы көтеріліп, солтүстік бөлікте 5-13 градус, оңтүстік бөлікте 13-23 градус жылы болады. Ауа райының күрт жылынуынан өзен-көлдердегі мұз ерте еруі мүмкін.