Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Компания таратқан мәліметтерге сәйкес қосымша пойыздар мына бағыттарда қатынайды:
№154/153 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы 18 наурыз күні Астанадан шығып, 19 наурызда Алматыға жетеді (бір бағытта ғана);
№157/158 «Алматы-2-Астана» жолаушылар пойызы Алматыдан 18 наурызда шығып, Астанаға 19 наурызда келеді (1 рейс);
№160/159 «Алматы-Павлодар» жолаушылар пойызы Алматыдан 19 наурызда шығып, Павлодарға 21 наурызда жетеді (1 бағытта ғана);
№155/156 «Алматы-2-Арыс-1» жолаушылар пойызы Алматыдан 17 наурызда шығып, Арысқа 18 наурызба барады (1 рейс).