• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Испанияда фристайлдан әлем чемпионаты басталды

101 рет
көрсетілді

Кеше Испанияның Сьерра-Невада жерінде фристайлдан әлем чемпионаты басталды. Алғашқы күні могулшылар арасында жарыс өтті. Бұл сында қыздар арасында жерлесіміз Юлия Галышева 360,00 ұпай иеленіп, жетінші орынға тұрақтаса, ел намысын қорғаған тағы бір отандасымыз Аяулым Әміренова жарысты 24-орынмен аяқтады. ҚазАқпарат мәліметі бойынша австриялық С.Бриттени бірінші орынға ие болды. Ерлер арасында жарыс жолына шыққан Дмитрий Рейхард 18-орыннан көрінсе, Павел Колмаков тек 27-орынға тұрақтады. Тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Бармашов мәреге жете алмады.