• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Дамир Рыспаев: Солтүстік Америкаға кетуді жоспарлап жүрмін

121 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) мерзімсіз жазаға ұшыраған «Барыс» ойыншысы Дамир Рыспаев алдағы уақытта Солтүстік Америкаға жол тартуы мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлады shaiba.kz. Бұған дейін ҚХЛ өкілдерінің бірі Рыспаевтың жазасы ешқашан кешірілмейтінін айтқан болатын. «Бәріңіз білетіндей, 18 тамыз күні «Куньлунь Ред Стармен» болған оқиға үшін мерзімсіз жазаға ұшырадым. Тек жарты жылдан кейін ғана бұл істі қайта қарау керек болатын. Бірақ әлі нақты жауап болмады. Сондай-ақ, Халықаралық хоккей федерациясы да дисквалификация бергені үшін Қазақстан құрамасының сапында ойнай алмай жүрмін», – деді Дамир Рыспаев. «Шынымды айтсам, бәріне қол сілтеп, Солтүстік Америкаға кетіп қалу туралы ойладым. Бірақ клубта бұл мәселе көп ұзамай, жақсы жағына қарай шешілуі тиіс екендігін айтты. Ендігісін уақыт көрсете жатар. Егер дисквалификациям алынбайтын болса, кететінім анық», – деді хоккейші. Сонымен қатар, кешірімге ие болып, бұрынғы жаттықтырушысы Андрей Назаров «Нефтехимикке» шақырар болса, кетіп қалуы да мүмкін екен. «Андрей Назаровтың қол астына кетіп қалуым да мүмкін. Екеуіміз скайп арқылы байланысып тұрамыз. Бірақ мен үшін «Барыс» бірінші орында. Істің бәрі менің жаза мерзімім туралы болғандықтан, мұндай ұсыныс түспеді», – деді ол. Соңғы ойындарда «Барыс» хоккейшілеріне жиі ойын тәртібі бұзылып жүр. Мәселен, Новокузнецкінің «Металлургімен» өткен матчта Алексей Васильченко астаналықтардың сапынан Брэндон Боченскидің басынан ұрып құлатып, жарақаттаған болатын. «Бұл сәтті көрдім. Әрине, Брэндон үшін бәрі сәтсіз аяқталды. Бірақ Алексей Васильченконы өз басым білгендіктен, теріс оймен жасады деп айта алмаймын. Бұл ойын кезіндегі жағдай. Спорт болғандықтан жарақатты алдын ала білу мүмкін емес. Қазір әріптесім қатарға қосылып, «Барысқа» көмегін тигізеді деп ойлаймын», – деді ол. «Команданың қазіргі жаттықтырушысы Эдуард Занковецпен бірнеше рет сөйлестік. Ойындар жайлы талқыладық. Алдағы уақытта төбелеске бет бұрмай, бәрі оңынан болса, командама септігімді тигізгім келеді», – деді 21 жастағы тафгайшы.