• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Головкин: Альвареспен жекпе-жегім келесі жылға қалатын сияқты

220 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) қарсыластарына неліктен сыйластықпен қарайтынын, сондай-ақ мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жегі келесі жылға қалуы мүмкін екендігін мәлімдеді. «Бұл өмір, ал бокс – спорт. Әркім өз міндетін лайықты түрде орындауы қажет. Мен өз жұмысымды жақсы білемін. Қарсыластарыма барынша сыйластықпен қарауға тырысамын», – деді Головкин CBSsports.com тілшісімен сұхбатта. «Альвареспен өтуі тиіс жекпе-жегім жайлы айтар болсам, промоутерім Том Леффлермен сөйлестім. Ол Golden Boy (Альварестің промоутерлік компаниясы) өкілдерімен байланысқа шыққан екен, мексикалық боксшының тарабы тек бір жылдан кейін ұйымдастырайық деген жауап беріпті. Онымен жұдырықтасуға ылғи да дайынмын. «Канело» екеуіміз жөнінде тым көп жаңалықтар тарап кетіпті. Бұл туралы кейінірек айтармын. Қазіргі уақытта ойымның бәрі Дэнниел Джейкобспен өтетін айқасым жайлы», – деді қазақстандық боксшы. Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек өткен жылы өтуі тиіс болатын. Бірақ қос тарап әлі күнге дейін қаржы мәселесінде ортақ ымыраға келе алмай жүр. 18 наурызда Геннадий WBA (Regular) белбеуінің иегері, америкалық Дэнниел Джейкобспен жұдырықтасса, «Канело» 6 мамыр күні отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен қолғап түйістіреді.