Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 316,76 теңгеге тең болды.
7 наурызда доллар бағамы 314,94 теңгеге тең болған еді.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 315,5 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 317 теңге. Сауданың жалпы көлемі 103,2 миллион долларға жетті.
Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 0.83 пайызға қымбаттап, 53,55 долларға жетті. Дегенмен, бірер сағат бұрын қара алтын құны 53,11 долларға дейін құлдырап кеткен еді.