• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

«ҚазАвтоЖол» ҰК директорлар кеңесі қайта сайланды

209 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да Директорлар кеңесі қайта сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен, кеңес құрамына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ибраимов, сондай-ақ тәуелсіз директорлар Мағзам Қасымов, Қажымұрат Нағманов, Тимур Сәкенов бекітілді. Атап айтқанда, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 56- бабының негізінде Директорлар кеңесі мүшелерінің шешімімен Жеңіс Қасымбек аталған кеңестің төрағасы болып сайланды.