• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2011

Қытайдағы өртті 7,5 мың адам сөндіруде

359 рет
көрсетілді

Өтемақы төлеу жоспары әзірленуде «Фукусима-1» атом электр станса­сы­ның операторы ТЕРСО компаниясы өзіне қарасты АЭС-тегі апат салдарынан болған шығынға өтемақы төлеу жос­па­рын жасау жұмыста­рын бастады. Осының алдында агенттік жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, апат салдарынан болған шығындарға төленетін өтемақы көлемі ал­дын ала есеп бойынша 2-3,8 триллион иен (24-45 млрд. долл.) болады деп хабарлаған еді. Сол сияқты ТЕРСО-ның топ-менед­жері М.Симицу АЭС операторының өтемақы шығындарын бө­лісу ту­ралы бірқатар жапондық энергетикалық компания­лардың ұсы­ныстарымен өзінің таныс емес екенін де мәлімдеген. МҮБӘРАК 15 ТӘУЛІККЕ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ Египеттің бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак пен оның балаларының қамауға алынғаны туралы хабарлады. Associated Press агенттігінің хабар­лау­ын­ша, Египеттің экс-президенті Мүбәрак 15 тәу­лікке қамалған. Сол сияқты оның балалары да 15 тәулікке қамауға алынды. Осыған дейін Мүбәрактың отбасы Шарм-эль-Шейх қаласында үй тұтқынында отырған болатын. Тергеушіге жауап алуға шақырылған кезде 130 шақырым жол жүруге мәжбүр болған экс-президенттің аяқ астынан қан қысымы көтеріліп, жү­рек соғысы нашарлап кеткендіктен, ол ауруханаға жатқы­зыл­ған-ды. Жағдайы жақсара салысымен тергеуші тікелей ауруханада жауап алуды бастаған. ЧЕРКЕСТЕР КАДДАФИГЕ КӨМЕКТЕСПЕК Черкестік қоғам қайраткерлері ішкі оппозицияға қарсы күресте Ливия джа­ми­хириясының көсемі Муаммар Каддафиге өздерінің көмектерін ұсынып, ашық хат жолдады. Солтүстік Кавказдан шыққан мұсылмандар болып табылатын черкес халқы бүгінде бүкіл әлемге тарап кеткен. Оның диас­поралары Түркияда, Сирияда, Израильде және Ливияда тұрады. Диаспораның ең ірісі Ресейде қоныс тепкен. Біз орыс-черкес соғысы кезінде осы елге қашқан черкестерді шын жүректен қарсы алған Ливияға көмектесу арқылы өзіміздің бо­рышымызды өтегіміз келеді, деп мәлімдеген черкес қайрат­кер­лерінің мәжі­лісіне қатысқан Аслан Бешто. МИГРАНТТАР ЕУРООДАҚҚА ЖІК САЛДЫ Солтүстік Африкадан Еуроодаққа ағ­ыл­ған заңсыз миграция тасқыны блокқа мүше 27 елдің ішкі істер министрлерінің кездесуін ушықтырып жіберді. Көптеген министрлер шекаралық бақы­лауды күшейтіп, Италияда уақытша тұруға рұқсат алған 20 мыңға жуық тунистіктерді өз аумақтарына жібермеу жөнінде шешім қабылдап, Францияның жағына шықты. Оған  жауап ретінде Рим Шенген аймағы мен бүкіл Еуроодақ идея­сы­ның күйрейтіндігі туралы айта бастады. Біз көршілерден ын­тымақтас болуды сұрадық, ал Еуропа бізге өздерің шешіңдер деп жауап берді. Мұндай жағдайда Еуроодаққа мүше болудан қандай да бір мағына бар ма, деп атап көрсетті Италия ішкі істер министрі Роберто Марони Люксембургтегі кездесу қорытындысында. КЕЛІССӨЗДЕРДІ ҚАЙТА БАСТАУҒА ШАҚЫРДЫ БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Корея түбегіндегі жанжалдасушы елдерді үнқа­ты­суды қалпына келтіріп, өңірдегі шиеленісті бәсеңсіту үшін қызметтестікті ке­ңейте түсуге шақырды. Пан Ги Мун ядролық проблема жөніндегі алты жақты келіссөздерді неғұрлым тезірек қайта бастау керек деп есептейді. «Алтылықтың» келіссөздері Ресейдің, Қытайдың, Жапонияның, АҚШ-тың КХДР-дің және Оңтүстік Кореяның дипломаттарының қатысуымен 2003 жылы басталған болатын. Пан Ги Мун Оңтүстік Кореяның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі лауазымында болған 2004-2006 жылдардағы кезеңде ғана келіс­сөз­­дер­де табыстарға қол жеткізілген еді. Қытайдың солтүстігінде 7,5 мыңнан астам адам, негізінен әскери қызмет­шілер мен полицейлер, орманды өрттен қорғап қалу үшін күш салуда. Хэбэй провинциясындағы орман алқа­бын­дағы өрт өткен сейсенбі күні басталған. Бастапқы өрт сөндіру шаралары нәтиже бермеген, сөйтіп, таңға жуық от-жалын орманның 133 гектар учаскесін қамтыған. Өрт­тен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қытайдың орталық провинцияларының бірі болып табылатын Хэбэйде соңғы айларда мейлінше құрғақшылық болып тұрғанын айта кету керек. ТЕРАКТ ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласындағы метрода болған тер­рорлық актіні жасады деген күдікті ұсталды. Бас прокуратураның өкілі Андрей Швед­­тің журналистерге хабарлағанындай, жас адамның жарылысқа қатысы бар екендігі іс жүзінде дәлел­денген. Оны ол адамның айтқандары да, сыртқы бақылау каме­расындағы жазбалар да растап отыр. Тергеу тобының басшысы жарылысты орындаушының 1986 жылы туған жігіт екенін хабарлаған. Сол сияқты жарылысты облыс орталығынан келген жастардың жасағандығы туралы да әңгімелер болған. Бірақ қай облыстан екендігі нақты­лы айтылмаған көрінеді. Интернет материалдары негізінде әзірленді.