• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

"ҚазАгро" Еуропа банкінен $200 млн қарыз алады

107 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы xолдингі Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлеміндегі қарыз алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Қарызды қайтару мерзімі - 15 жыл, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Үстіміздегі жылдың аяғына дейін ҚазАгро мен Еуропа инвестициялық банкі арасындағы келісімшарт рәсімделеді деп сенемін. Жоспарға сәйкес, қаржы «ҚазАгроның» еншілес компанияларының біріне беріледі» , - деді Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Еуропа одағындағы ҚР өкілдігінің басшысы Алмас Хамзаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде аталған құжаттың шарттары пысықталып жатыр. Қарыз «ҚазАгроның» еншілес компанияларының жобаларына жұмсалады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы теxникасын сатып алу, элеваторларды жаңғырту, малды өсіру теxнологияларын дамыту, тұқымды өндіру, ауыл шаруашылығы саласында ақпараттық жүйелерді енгізу және тағы басқа шараларды атқару жоспарланған. Айта кетейік, өткен жылы Еуропаның инвестициялық банкі Қазақстанның «Даму» кәсіпкерлік қорына 200 млн еуро көлемінде несие берген болатын. Сол кезде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы xолдингі ол ақшаның қайтарылатынына кепілдік берді.