• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Головкин Альвареспен келісе алмаса, тағы бір мексикалық боксшымен жұдырықтасады

157 рет
көрсетілді

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қарамағындағы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Хильберто Рамирестің (34-0, 24 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Оның айтуынша, Геннадий Головкин бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альвареспен (48-1-1, 34 КО) жекпе-жегі өтпей қалған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін. «Рамирес үшін Геннадиймен жұдырықтасу тиімді болар еді. Егер қазақстандық боксшы «Канеломен» ортақ ымыраға келе алмайтын болса, уақыт жоғалтпай, осы істі жүзеге асыру үшін барымызды саламыз. Бұл жөнінде оның промоутері Том Леффлермен ақылдасып та қойдық», – деді BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында. Хильберто Рамирес бұған дейін бірнеше рет Головкинмен күш сынасқысы келетінін мәлімдеген болатын. Бірақ 22 сәуір күні Калифорнияда украиналық Максим Бурсакқа қарсы айқаста өз титулын қорғап қалуы тиіс. Ал GGG-ді 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэнниел Джейкобспен жекпе-жегі күтіп тұр.