• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Назарбаев Гумилев атындағы ЕҰУ ректорын қабылдады

150 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Гумилев атындағы университеттің ректорын қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Е.Сыдықов Мемлекет басшысын университеттің өткен жылдардағы қызметі мен қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасы үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті. "Елорданы Астанаға ауыстырғаннан соң қабылданған алғашқы шешімдердің бірі осы оқу орнын құру туралы болды. Республикамыздың бас қаласымен бірге оның атағы мен абырой-беделі артып келеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары оқу орындарының алдыңғы шебінде келеді", - деді Қазақстан Президенті. Ректор бүгінде университетте 17 мыңнан астам студент білім алып жатқанын, оның көбі үш тілді еркін меңгергенін мәлімдеді. Бұл факторлар білім алушылардың академиялық мобильділігіне септігін тигізуде. "Оқу орны өз деңгейін ұдайы арттырып келеді және қазіргі уақытта ол әлемдік рейтингте 345-орынды иеленіп отыр. Университетте жұмыс істейтін шетелдік оқытушылар, сондай-ақ жұмыс берушілер студенттеріміздің дайындығына жоғары баға беруде. Еуразия университеті түлектерінің жұмысқа орналасу критерийі жөнінен республикада алдыңғы орындардың бірін иеленді. Беделді QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігінің (Ұлыбритания) қорытындысы бойынша, Еуразия ұлттық университеті физика пәнінен әлемнің үздік университеттерінің қатарына қосылды", - деді Е.Сыдықов. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.