KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 9 наурыз күні 1 АҚШ доллары 316,88 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, таңғы сессияда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 316,76 болған еді.
Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 16:14-те Брент маркалы мұнай құны 1,32 пайызға арзандап, 5238 долларға бір-ақ төмендеді. Айта кетейік, бұл 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш ретінде тіркеліп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 29 қарашасынан 1 желтоқсанына дейінгі аралықта Брент маркасын бағасы 46 доллардан 53-ке көтеріліп кеткен еді. Оған желтоқсанның басындағы ОПЕК елдерінің саммитінде қабылданған мұнай өндірісін азайту туралы шешім түрткі болған.